Бас прокуратура Перизат Қайраттың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram/01pk
Қазақстанның Бас прокуратурасы бүгін, 2025 жылғы 30 маусымда Перизат Қайрат пен оның анасының ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпарға сүйенсек, Бас прокуратура Перизат Қайратқа және Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.

"Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады",- делінген ақпаратта.

Айта кетсек, 2025 жылдың 28 мамырында Перизат Қайратқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы – "Алаяқтық" және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" бойынша айып тағылғаны белгілі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі