Алматыда Тұңғыш Президент саябағын тұрақты дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Тұңғыш Президент саябағын кешенді қайта құру мәселесіне арналған кеңес өтті.

Жиынға қала басқармаларының өкілдері, сәулетшілер, ландшафт дизайнерлері және құрылыс ұйымдарының мамандары қатысты.

Қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасы басшысының м.а. Батырхан Сүлейменовтың мәліметінше, саябақ 2010 жылы ашылған. Оның аумағы 15 мыңнан астам ағаш отырғызылған аллеялар мен дендрологиялық аймақтарға бөлінген. Қазіргі уақытта қолданыстағы автоматты суару жүйесі тек жартылай жұмыс істеп тұр, сондықтан оны толық жаңғырту қажет. Заманауи технологияны қолданып, су ағызу құбырларын тазартып, суару жүйесін толық жаңарту жоспарланып отыр.

Жаңарту жобасы саябақты орнықты көгалдандыру тұжырымдамасын қамтиды. Атап айтқанда, ағаш пен бұтаның түрін көбейту, алуан түрлі шөптесін өсімдіктерден тұратын экожүйелер мен жасыл аймақтар құру көзделген. Олардың арасында 4 гектар аумақта қарағай мен қайыңнан тұратын тоғай да бар. Сонымен қатар 5,5 мыңнан астам гүлдейтін ағаш егу көзделген.

Қала әкімі жобалық шешімдерді нақтылап, көгалдандыру жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді, суару инфрақұрылымын жаңартуды және саябақтың табиғатты қорғау қызметін күшейтуді тапсырды. Басты мақсат дендросаябақтың экологиялық маңызы жоғары аймақ ретіндегі мәртебесін сақтау және оның рекреациялық әлеуетін дамыту.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды