Кезекті азайту үшін Алматы метросындағы турникеттер жаңартылып жатыр

Метрополитен, пассажиры метро, метро, общественный транспорт, вагоны метро, люди в метро, работники метро, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 16:59 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы метросында жолаушылар жолақысын тез төлеп, турникеттен жылдам өтуі үшін төлем жүйесі мен турникеттер жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метрополитеннің баспасөз қызметі 2026 жылғы 9 қарашада таратқан мәліметке сүйенсек, турникеттердің 60%-ы жаңартылған.

Қазір метроның 11 станциясындағы турникеттердің шамамен жартысы жолақыны тек "Оңай" көлік картасымен қабылдайды. Қалған турникеттерден билетпен, банк картасымен немесе Apple Pay және Samsung Pay арқылы өтуге болады.

"Қазір турникеттерді „Оңай" жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс аяқталған соң №1 турникеттен басқа барлық турникет төлемнің барлық түрін қабылдайды. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 9 қараша күні таңертең Алматы метросының кіреберісінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Оған "Оңай" жүйесінің QR-кодтары арқылы жолақы төлеу кезінде болған ақау себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: