Кәмелетке толмаған қазақстандықтар қандай санаттағы жүргізуші куәлігін ала алады

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылғы 3 шілдеде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы кәмелет жасына толмаған қазақстандықтың жүргізуші куәлігін алу жөніндегі сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас азамат былай деп сұрады:

"Келесі айда 18 жасқа толамын. Теориялық емтиханға қазірден жазылып, кәмелет жасқа толғаннан кейін бірден тапсыра аламын ба?"

Мемлекеттік корпорация келесідей жауап берді:

"Қазіргі уақытта сіз А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере аласыз. Ал қалған санаттар бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін 18 жасқа толуыңыз қажет".

Айта кетейік, Қазақстанда қозғалтқыш көлемі 125 текше сантиметрге дейінгі көлік құралдарын (жеңіл мотоциклдер мен мопедтер) басқаруға арналған А1 санатындағы жүргізуші куәлігін 16 жастан алуға болады. Ал 18 жасқа толғаннан кейін азаматтар А, В, В1 және С1 санаттарындағы жүргізуші куәлігін алуға құқылы.

Бұған дейін Астанада 1 шілде күні кешке жаппай жол апаты болып, бір адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі