Балқаш маңындағы тасжолда болған жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында 5 шілде күні Kia Sedona көлігі жол апатына ұшырап, салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат Балқаш бағытына апаратын тасжолда, Ақшатау елді мекенінің маңында болған. Алдын ала деректерге сүйенсек, Kia көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде жол белгілеріне мән бермей, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскесіне кіріп кеткен. Кейін көлік қоршауға соғылған. Соқтығысудан кейін көлік өртеніп кеткен.

Апат салдарынан көліктегі жеті жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерге алыс жолға шыққанда жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызын еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды