Абай облысында колонияға ақша кіргізбек болған тұрғын анықталды

Фото: Zakon.kz
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Семей қаласындағы №20 мекемеде автокөлікке жүргізілген тексеріс кезінде ақша өткізудің жолы кесілді.

Оқиға құрылыс материалдарын өндірістік аймаққа жеткізу кезінде болған. Тексеру барысында КАМАЗ автокөлігінің ішінен қолма-қол ақша табылған.

Кейін белгілі болғандай, 57 жастағы Семей тұрғыны бұл қаражатты колония аумағына кіргізіп, бейтаныс адамның өтінішін орындамақ болғанын мойындады.

"Жүргізуші жасаған ісін мойындады. Қазір бұл азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды", — дейді мекеменің жедел бөлім бастығы Сұңғат Абраев.

Айта кетейік, түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттар мен ақша қаражатын жеткізугу болмайды. Бұл туралы мекеме қызметкерлері келушілерге үздіксіз еске салып отырады. Десе де, осындай теріс қылықтар тыйылмай тұр.

Мұндай әрекеттердің алдын алу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінде жүйелі түрде бақылау күшейтіліп, профилактикалық шаралар жүргізілуде.

Қызметкерлердің жедел қимылының арқасында кезекті заңсыз әрекеттің жолы дер кезінде кесілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды