Астана тұрғыны жалған хабарландыруға сеніп, ақшасынан айырылды

Фото: freepik
Астана тұрғыны хабарландыру сайтынан арба сатып алмақ болған, алайда интернет-алаяқтың құрбанына айналды.

Астанада 33 жастағы әйел интернет-алаяқтың құрбаны болды. Полицейлердің мәліметінше, алаяқ кеңінен танымал сайттардың біріне мүгедектер арбасын сату туралы жалған хабарландыру орналастырған.

Жәбірленуші бұл хабарландыруға сеніп, қызына арба сатып алмақ болады. Екеуара сөйлесіп, сауда шарттарын келіскен соң, әйел арбаны тезірек алғысы келіп, сатушыға бірден ақша аударады.

Алайда ақша қолына тиген бойда күдікті жәбірленушіні бұғаттап тастаған. Осы факті бойынша Нұра аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде 31 жастағы күдіктіні анықтады.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұған дейін де бірнеше азамат осы тұлғаның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккені белгілі болды.

Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Бейтаныс адамдарға ақша аударудан, күмәнді сайттар мен тексерілмеген интернет-дүкендерден тауар сатып алудан аулақ болыңыздар. Кез келген күмән тудырған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады