Алакөл бетімен жүйіткіген Mercedes жол талғамайтын көлігі желіде "жұлдызға" айналды

Сурет: pixabay
Алакөлдің бетімен жүйткіп бара жатқан G-Class-тағы Mercedes-Benz жол талғамайтын көлігінің желідегі видеосы көпшіліктің назарына бірден ілікті. Жағалауда демалып жатқан туристер жаңа су көлігін тамашалауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода жол талғамайтын көліктің дөңгелектері жартылай көрінеді, қалған бөлігі суда, сондықтан қымбат Мерседес көлігі су бетімен жүйткіп келе жатқан секілді көрініс туындайды.

Видео астына пікір қалдырғандардың кейбірі бұған қатты таң қалып, көліктің суға неге батып кетпейтіндігіне бастарын қатырған. Роликтің авторы ақырында оның құпиясын да ашыпты. Сөйтсе бұл көліктің сыртқы қалыбына сай жасалған арнайы қайық болып шықты. 

Көпшілігі бұл қайықты көру үшін демалыс базасының атауын білгісі келіп, қызығушылық танытты. 

"Қазақстан - мақтан елі. Фантастика", - деп әзілдепті кейбір желі қолданушылары.

Қазақстандықтар ыстықтан қашып, барлық су қоймалары мен көлдерді басып қалды. Мәселен, өткен демалыс күндері, 2025 жылғы 4-7 шілде аралығында ел тұрғындары Балқашқа баруды ұйғарды. Осылайша, демалушылар рекордтық туристік демалыс орнатты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған