Шомылу маусымы басталғалы Қапшағайда 6 адам суға кетті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қапшағайда суға кету деректері азаяр емес. Шомылу маусымы басталғалы мұнда 6 адам суға кеткен. Олардың екеуі кәмелет жасына толмаған.

Бүгінде қайғылы жағдайдың алдын алып, қауіпсіздікті күшейту мақсатында жағажайларда бейнебақылау жүйелері орнатылып жатыр.

Жасанды интеллект арқылы басқарылатын камералар – облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел әрекет ету желісіне тікелей қосылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда, жеке демалыс аймақтарының иелері қауіпсіздік шараларына атүсті қарауда. Кәсіпкерлер әлі күнге бейнекамера орнатпаған. Құтқарушылар да тапшы.

"Алтын алма" жағажайында орын алған жағдай бойынша, бүгінде Қонаев қалалық полиция басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігі тарапынан жұмыс тобы құрылып, мониторинг жұмыстарын жүргізуді бастады. Бесінші, алтыншы жағажайға қала әкімдігі тарапынан камералар орнатылды. Жеңіс Төребеков, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған