Алматының екі ауданында жол жүру уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңарту жалғасуда.

Осыған байланысты қаланың екі ауданында автокөлік қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады — 2025 жылы 11 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 06:00-ге дейін:

Уақытша шектеулер жолдың осы учаскелерінің астынан өтетін магистральдық құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Биыл пайдалануға 1965 және 1984 жылдары берілген жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл Наурызбай ауданындағы 4 көпқабатты үйді, бір аурухананы және 2 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы 42 көпқабатты үйді, бір балабақшаны, бір емхананы және тағы 4 нысанды қысқы уақытта тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген кезде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетеді.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ. "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған.

"Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды