Жетісу облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 100 қылмыс ашылды

Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы полиция департаментінің кинология қызметінде бүгінде 23 қызметтік ит бар.

Олар құқық бұзушылықтың алдын алуда және ашуда маңызды рөл атқарады.

Жыл басынан бері қызметтік иттер 900-ге жуық оқиға орнына жұмылдырылып, олардың көмегімен 100 қылмыс ашылды.

Оның ішінде 20 факті – есірткі қылмыстарына қатысты анықталған. Қазіргі таңда жас иттерді қызметке бейімдеу және арнайы дағдыларға үйрету белсенді жүргізілуде.

Тәрбиеленіп жатқан иттер есірткі заттарын анықтау, жарылғыш заттарды табу, із кесу және одорология (иіс арқылы қылмыскерді тану) бағыттары бойынша арнайы оқу-жаттығу курстарынан өтуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды