Қазақстандық фтизиатрлар туберкулездің күрделі түрлерін емдеуді үйренді

Фото: akorda.kz
2025 жылдың 17 шілдесінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері, ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов Қазақстанда туберкулезді қалай емдейтінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәлік Әденов бүгінде туберкулезді диагностикалау мен емдеудің барлық әдістері қолжетімді екенін атап өтті.

"Бүгінде емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрілер мен жаңа технологиялар қолданылуда. Мәселен, біз туберкулездің ең ауыр дәріге төзімді түрін емдеу мерзімін 24 айдан 9-12 айға дейін қысқарта алдық. Бұл жағдайда тиімділігі 90% -дан асатын препараттардың таблеткалық формалары қолданылады. Бұл емделушілерге де, медицина қызметкерлеріне де қолайлы", – деді ол.

Оның айтуынша, бұрын дәрігерлер туберкулездің дәріге төзімді түрін 36 ай, яғни үш жылға жуық емдесе, бүгінде бұл мерзім 1,5 жылға дейін қысқарып, тиімділігі 50 пайыздан 85 пайызға дейін көтерілген.

Жалпы, соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен ауыру көрсеткіші 43 пайызға, таралу көрсеткіші 52 пайызға, өлім көрсеткіші 75,6 пайызға төмендеген. Сондай-ақ туберкулезбен ауыратын барлық адамдардың белсенді контингенті азайған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 56 пайызға төмендеп, 8701 адамды құрады. Белсенді контингенттің төмендеуі 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 609 адамға немесе 7%-ға.

2025 жылдың 24 сәуірінде Қазақстанда туберкулездің алдын алу шараларының ережелері өзгертілгені хабарланды. Құжатқа сәйкес, балалар (0-17 жас) туберкулезге шалдығу қаупі жоғары санатқа жатады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады