Баянауылдағы демалыс аймағында жол апатынан бес адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Баянауылда жол апатынан бес адам зардап шекті. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция департаменті Баянауылдағы демалыс аймағында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

16 шілде күні Жасыбай демалыс аймағында Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі серпантинді жолда рөлге ие бола алмай, көлікті кюветке аударып жіберген. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Тәртіп сақшылары демалушыларға жол қауіпсіздігін сақтап, әсіресе, қозғалысы көп учаскелерде жылдамдықты асырмауға және көлік құралдарының техникалық жағдайына мұқият болуды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты