Жетісу облысында ер адам жүкті әйелін аттың жалына байлап сүйреп өлтірген

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында ер адам жүкті әйелін аттың жалына байлап сүйреп өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 22 маусымда Жетісу облысындағы Баласаз ауылы маңында болған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, 32 жастағы келіншекті мас күйеуі балаларының көзінше қатігездікпен азаптап өлтірген. Денесінің сау тамтығы қалмаған әйел ауруханаға жетпей жан тапсырған көрінеді.

Медициналық сараптама оның ауыр азаппен бақилық болғанын дәлелдеп отыр. Бұрын ауыл әкімі болуға кандитат атанған марқұмның күйеуі бұған дейін мал шаруашылығымен айналысқан. Қазір ол қасақана кісі өлтірді деген айыппен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Аталған іс ерекше бақылауда. Қылмыстық іс бойыша шындықты толық әрі жан-жақты анықтау мақсатында барлық шара қабылданды. Сот сараптамасы тағайындалды". Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз хатшысы Бексұлтан Әнетұлы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер