Астанада Сарыарқа" СОО артындағы жол жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласында "Сарыарқа" СОО артындағы жолда (68-көше) жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, 18-19 шілде аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Көлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті