Түркістан облысындағы трассада полицейлер саяхатшыларға көмектесті

Фото: Zakon.kz
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Түркістан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ресейден келген екі саяхатшыға көмек көрсетті

Шымкент – Самара тасжолының 182-шақырымында полиция қызметкерлері Рахмет Асылбек пен Бақнұр Сәрсенбекұлы жол жиегінде тоқтап тұрған мотоцикл жүргізушілерін байқап қалып, дереу тоқтап, жағдайларын сұрады.

Саяхатшылар Орынбордан Ташкентке бет алғандарын және бір мотоциклдің дөңгелегі жарылып қалғанын айтып, көмек сұрады.

Тәртіп сақшылары ақау шыққан мотоциклді жақын маңдағы жөндеу орнына жеткізуге жәрдемдесіп, саяхатшыларға салқын су ұсынды.

Шетел азаматтары көрсетілген қолдау мен ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, жөндеу жұмыстарынан кейін сапарларын көтеріңкі көңіл-күймен жалғастырды.

Полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсету — олардың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты