Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжан Ресейге қарсы халықаралық талап арыз дайындап жатыр

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Әзербайжан билігі Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатына қатысты Ресей тарапынан жауап ала алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев III Шуша жаһандық медиафорумының қатысушыларымен кездесуде айтты, деп жазады Report.

"Өкінішке қарай, апатқа қатысты Ресейдің ресми өкілдерінен ешқандай жауап алған жоқпыз, ал бұл оқиға болғанына жеті ай өтті. Біздің сұраныстарымыз бен талаптарымыз – өте орынды: бұл апатты мойындау, ұшақты атып түсіргендерді жазалау, қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасыларына және AZAL әуе компаниясына – ұшақ шығыны үшін өтемақы төлеу", - деді Әлиев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Әзербайжанның бас прокуроры Ресейдің Тергеу комитетінің басшысына үнемі хаттар жолдап отырады, алайда бір ғана жауап келеді – "тергеу жалғасып жатыр".

"Біз Ресей жағына бұл жағдай бойынша халықаралық соттарға шағымдану үшін құжаттар дайындап жатқанымызды хабарладық. Бұл біраз уақыт алуы мүмкін екенін түсінеміз", – деп толықтырды ол.

2024 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең Баку - Грозный бағытындағы Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтауға жақын маңда апатқа ұшыраған. Әуе компаниясының мәліметінше, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. 29 адам тірі қалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты