Су ресурстары министрлігі кәсіпкерлер адамдарға жағажайға кіруге тыйым сала алмайтынын айтты

Сурет: primeminister.kz
Жаңа Су кодексіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың су нысандарына кіруін шектеуге құқығы жоқ. Әрбір азамат, егер бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, жеке мақсаттары үшін суды ортақ пайдалануға құқылы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы норманың сақталуын қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі азаматтардың елдің су нысандарына қолжетімділігін реттейтін Суды ортақ пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекітті.

"Ереже бойынша, суды арнайы пайдалану мен ортақ пайдалану арасында айырмашылық бар. Суды ортақ пайдалану үшін рұқсат алу талап етілмейді, азаматтар су нысандарының жағалауына еркін өте алады. Демалыс, туризм, шомылу, әуесқой балық аулау және жайылым аймақтарда мал суаруға рұқсат етіледі. Жергілікті атқарушы органдар жаппай демалыс аймақтарын айқындауға және бұл туралы халықты хабардар етуге міндетті. Көлік жуу, жанар-жағармай материалдарын сақтау және т.б. сияқты су нысандарын ластайтын әрекеттерге тыйым салынады", делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, туризм, өзен-көлдерде шомылу, балық аулау, серуендеу — мұның бәрі жаңа Су кодексінде бекітілген суды ортақ пайдалану құқығына кіреді.

"Әрбір азамат, егер бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, жеке мақсаттары үшін суды ортақ пайдалануға құқылы. Қоршаулар мен басқа да шектеулерді орнатуға тыйым салынады. Ескеретін тағы бір жағдай - бұл жергілікті атқарушы органдар ресми түрде белгілеген ұйымдастырылған жағажайлардың жұмысына қатысты. Мұндай жерлерде ақылы қызметтер көрсетілуі мүмкін, бірақ төлем суға өту үшін емес, қосымша сервис үшін ғана алынады", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін шомылу маусымы басталғалы Қапшағайда алты адам суға кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды