Павлодарда полицейлер ұрланған 19 автокөліктің барлығын тапқан

Фото: Zakon.kz
Биыл Павлодар облысында 19 автокөлік ұрлығы тіркеліп, барлығы дер кезінде ашылды.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұл құқықбұзушылықтардың басты себебі — көлік иелерінің салғырттығы мен немқұрайлылығы.

Мысалы 11 жағдайда автокөлік иелері кілттерді салонында қалдырған, әрі есіктері де құлыпталмаған. Тағы 7 жағдайда көліктерді иелерінің таныстары ұрлап әкеткен.

Олар көбінесе алкоголь ішімдіктерін бірге ішкенде немесе бірге жұмыс істеген адамдар болып шықты. Бір деректе ұры көліктің терезесін сындырып, кілті тұтану құлпында тұрған автокөлікті айдап кеткен.

Айта кетерлік жайт — таңғы сағат 05:00 шамасында бір жас жігіт жеке тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатып, тұрақта тұрған автокөлікті байқап қалған.

Кілттер тұтану құлпында болған, ал есігі құлыпталмағанын көрген соң, көлікке мініп, межелі жеріне жеткен соң тастап кеткен.

Кейін ол ұсталып, көлік иесіне қайтарылды. Аталған азамат енді сот алдында жауап береді. Полиция департаменті азаматтарға қырағылық танытып, көліктерін тастап кетерде қауіпсіздік шараларын ұмытпауға кеңес береді.

Тіпті аз уақытқа қалдырсаңыз да, көлікті міндетті түрде құлыптап, терезелер мен дабыл жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріп отыру қажет. Қарапайым сақтық шараларын сақтау — жеке мүлкіңізді қорғап, құқық бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізеді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды