Елімізде шомылу маусымы басталғалы 75 адам суға кеткен

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шомылу маусымы басталғалы еліміз бойынша 75 адам суға кеткен. Оның 28-і – бала. Оқыс оқиғаның басым бөлігі Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында болды, дейді мамандар. Мәселен, бір ғана Қапшағай су қоймасынан күнара 3-4 адам судан құтқарылады.

Бір шақырымға созылған жағажайда әр 100 метр сайын диспетчер, 22 құтқарушы жұмыс істейді. Сондай-ақ жағажайда күндіз-түні судағы қауіпсіздікті толық бақылайтын бейнекамералар орнатылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандар жағалауды таңғы тоғыздан қас қарайғанға дейін бақылап жүреді. Күн ысып, жағажайға келушілер артқаннан күніне 2-5 жас аралығындағы 50-ге жуық бүлдіршін жоғалып жатыр. Көп ата-ана баласын жағалауда қараусыз қалдырады, дейді құтқарушылар.

Қапшағай маңында 140-тан астам демалыс орны бар. Оның сегізі – қалалық жағажай. Тек соның біреуіне демалыс күндері 15-20 мыңдай адам барады.

Ал жаз басталғалы құтқарушылар суға батқан 40-тан аса адамды алып шыққан. Айтуларынша, оның жетеуі ауыр халде болыпты. Сондықтан мамандар шомылу кезінде барынша сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы