Қарағандыда полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда 41 жастағы қала тұрғыны балкон орнатуға онлайн-қосымша арқылы тапсырыс беріп, алаяқтың арбауына түсті. Ол барлық мәлімет пен жұмыстың мерзімін келісіп, қажетті соманы — 2,6 млн теңгені толық төлеген.

Алайда уәде етілген балкон уақытылы орнатылмады. Бастапқыда мердігер ауа райының қолайсыздығын сылтау етіп, істі кейінге шегере берген.

Ал уақыт өте келе мүлде байланысқа шықпай, тапсырыс берушінің қоңырауларына жауап беруді доғарған. Алданғанын түсінген тұрғын полицияға жүгініп, келтірілген шығын көлемін нақты көрсетіп, арыз жазған.

Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Ол – Қарағанды қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі