Қостанайда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды

Сурет: Zakon.kz
26 шілдеге қараған түні TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы ер адам жол ережесін өрескел бұзып, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Материалдық шығын келтіріліп, жүргізуші оқиға орнынан жасырынбақ болған.

"Полиция тексеру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғанын анықтады. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жайтты GTA ойынымен салыстырған", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Ер адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды.Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші айықтырғышқа жеткізілді. Іс сотқа жолданды.

Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауды ескертті.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі