Алакөлде полиция қызметкері баланы құтқарып қалды

Сурет: ҚР ІІМ
Алакөл жағасында отбасымен демалып жүрген алты жасар бала судағы үрлемелі, ұзын арқан арқылы жағаға байланған аттракцион — аквазорға мініп, ойнағысы келген.

Ұйымдастырушылар арқанды баланың атасына ұстатып кеткен, алайда кенеттен соққан қатты жел арқанды үзіп әкетіп, баланы судың тереңіне қарай кетіп қалған.

Осы сәтте су жағасында отбасымен демалып жүрген Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ЖҚАЖ қызметкері Талғат Оспанов дереу әрекет еткен.

Ол жағдайдың қауіпті екенін бірден аңғарып, ойланбастан суға секіріп, аквазорбтың соңынан жүзіп кеткен. Артынан баланың атасы мен әкесі де суға түскен, дегенмен балаға ең бірінші болып жеткен – полиция майоры. Бірлескен күш арқасында баланы жағаға аман-есен алып шығады.

"Біздің отбасымыз және баламыз Талғат Сұлтанұлын мүлде танымаймыз. Ол да бізді, баламды білмейді. Жағалауда адам көп болғанымен, дәл осы кісі еш ойланбастан көмекке ұмтылды. Ұлымды толқын мен жел біртіндеп алысқа алып кетіп бара жатты. Егер Талғат Сұлтанұлы болмаса, жағдай басқаша аяқталуы мүмкін еді. Отбасымыз ол кісіге өмір бойы алғыс айтып өтеді", — деді баланың анасы.

Майор Оспанов бұл әрекетімен полиция қызметкері үшін кәсіби борыш пен адамгершілік қасиеттің демалыс пен жұмыс уақытына бөлінбейтінін дәлелдеді. Ол – әрдайым көмекке дайын, нағыз тәртіп сақшысы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил сотталды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады