ІІМ: Интернетте фейк тарату мен арандатушылық үшін жауапкершілік көзделген

Фото: freepik
ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі соңғы кездері әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және басқа да онлайн-платформаларда әдейі жалған және арандатушылық сипаттағы ақпаратты тарату фактілері жиілеп кеткенін дабыл қағады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және басқа да онлайн-платформаларда әдейі жалған ақпарат таратып, арандатушылық тудыру жағдайлары жиілеп кетті.

Мұндай әрекеттер қоғамдық ахуалды тұрақсыздандырып, сенімге селкеу түсіріп, жанжалдарға себеп болуда.

ІІМ ескертеді: фейктерді тарату – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін іс-әрекет.

Жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Тек жарты жылдың ішінде жалған ақпарат жариялау бойынша 47 қылмыстық іс тіркелді.

Мысалы, Түркістан облысында бір азамат әлеуметтік желілерде шетелдік инвесторларға жер берілді деген жалған ақпарат таратқан. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды. Ұлтаралық, діни немесе әлеуметтік алауыздықты қоздыру фактілері де ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.

Бұл – ауыр қылмыс, ол үшін заңнамада 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында осындай фактілер бойынша 64 қылмыстық іс қозғалды. 15 адам сотталды, олардың тоғызына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

Олардың қатарында:

Олардың барлығы ұсталып, сот үкімімен жазаланды. Жалған ақпаратты интернетте таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікпен қатар әкімшілік жауапкершілік те бар.

ӘҚБтК-нің 456-2-бабы бойынша алты айда 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы:

Олардың барлығы бірнеше тәулікке әкімшілік қамауға алынды. ІІМ заңды бұзатын кез келген жарияланым құқықтық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

"Барша азаматтарды заң талаптарын сақтауға және ақпарат таратуда мұқият болуға шақырамыз. Әрбір хабарлама шынайы, араздыққа шақырмайтын және қоғамдық тәртіпті бұзбайтын болуы тиіс. Қоғамдағы бейбітшілік, тұрақтылық пен сенімді тек ортақ құқықтық мәдениет және бір-бірімізге деген құрметті сақтау арқылы қамтамасыз ете аламыз", – деп атап өтті ведомствода.
Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды