Қазақстанда грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады

Сурет: pixabay
Бүгін, 1 тамызда Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, "Атамекен" ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Олар үміткерлердің өтініштерін қарастырады.

Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарындағы мамандықтарға түсті. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтіледі.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс