Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі тамыз айының соңына дейін жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астанада Сығанақ көшесінің Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстар Арыс көпірінде де жүргізіледі.

"Осыған байланысты 3-25 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген әкімдік хабарламасында.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Алматыда Айманов көшесінің бір бөлігі 4 тамызға дейін жабылатыны хабарланған

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты