SMS арқылы төлемдер: неге қазақстандықтар тек 1414 нөмірінен келген хабарламаға жауап беруі керек

Фото: pexels
2025 жылдың басынан бері 316,7 мың қазақстандық әлеуметтік және еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алу үшін SMS-хабарлама алды. Zakon.kz хабарлағандай, 200 мыңнан астам адам өтініш бермей-ақ жәрдемақы мен төлемдерді алу мүмкіндігін пайдаланды.

Мұндай мәліметті 2025 жылғы 5 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) баспасөз қызметі ұсынды. Ведомство мәліметінше, Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде қалыптастырылады.

Бүгінде ОЦК-де Қазақстанның 20,2 миллион азаматы немесе 6,2 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға ешқандай өтінішсіз келесі 11 жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді рәсімдеуге мүмкіндік береді:

Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, "қандас" мәртебесінің аяқталу мерзімі және жұмыссыздарға арналған жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылған.

Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы анықталған жағдайда азаматқа 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жолданады.

"SMS алған азамат оған келісімін білдіріп жауап беруі тиіс. Өтінішті рәсімдеу және әлеуметтік төлем немесе жәрдемақыны тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады. Кейін қаражат алушының банк шотына аударылады", – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында, тек 1414 нөмірінен келген SMS-ке ғана жауап беру қажет екені ерекше атап өтіледі.


"Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөміріне қоңырау шалу қажет. Қоңырау тегін", – деп атап өтті ведомство.

Бұған дейін министрлік баспасөз қызметі Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы еске салған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты