Ғылым министрі білім гранттарына қатысты жақсы жаңалық айтты

Сурет: Zakon.kz
2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 5 тамызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіподақ мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Министрдің айтуынша, гранттарды бөлу кезінде түскен өтініштер мен қолданыстағы конкурс ережелері ескерілді.

Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш түсті. Абитуриенттер арасында ең көп сұранысқа ие болған мамандықтар: «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар».

Конкурс нәтижелері Ғылым және жоғары білім министрлігінің, министрдің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми ресурстарында жарияланады. ЖОО-ға қабылдау процесі 25 тамызға дейін аяқталады.

Саясат Нұрбек талапкерлерге оқуда табыс және өмірдің жаңа кезеңінде «жарқын жеңістер» тіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін