Қазақстанда салықтық берешектің шекті мөлшері белгіленеді

Фото: freepik
Zakon.kz хабарлауынша, "Салықтық берешектің шекті мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.

Жобаның мақсаты – жаңа Салық кодексінің 5-бабы 4-тармақшасын іске асыру, атап айтқанда, салықтық берешектің шекті мөлшерін белгілеу. Бұл шектен асып кеткен жағдайда мемлекеттік кірістер органдары салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдерін және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру шараларын қолданатын болады.

Ал егер салық төлеушінің берешегі белгіленген шекті мөлшерден аспаса, мұндай шаралар қолданылмайды. Бұл жағдайда тек салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі және өсімпұл есептеледі.

Жобаны бекіту келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

Құжат "Ашық НҚА" порталында 22 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды