Ақтауда жекеменшік балабақшада балалар басқа бір баланы ұрып-соққан

Сурет: pixabay
7 тамызда әлеуметтік желіде Ақтаудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде балалардың басқа бір баланы ұрып-соғып жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода екі қыз баланың бір қызды ұрып, тістеп, мойнынан ұстап, төсекке басып жатқанын көруге болады.

Бұл жайтты Маңғыстау облыстық полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне растады.

"Жекеменшік балабақшада болған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы – "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводан.

Полиция өкілдері тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады