ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы бостандыққа шықты

Сурет: gov.kz
Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 8 тамызда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлімдеді.

"Сұрау салуда көрсетілген сотталған адам сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеді. Сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтегеніне байланысты босатылды", – деді ведомство өкілдері.

Дархан Ділманов 2023 жылдың желтоқсанында сотталған. Ол және басқа да лауазымды тұлғаларға билікті асыра пайдалану (ауыр салдарға алып келген) және ірі көлемде пара алу айыптары тағылған (ҚР ҚК 28-баптың 3, 5-бөліктері, 450-баптың 2-бөлігі, 366-баптың 3-бөлігі 1, 2 және 4-тармақтары).

Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі