Қазақстан азаматтары Газа секторынан сәтті эвакуацияланды

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Газа секторындағы күрделі гуманитарлық жағдайдың сақталуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Иордания мен Израильдегі ҚР шетелдік мекемелері қақтығыс аймағынан алты отандасымызды эвакуациялауды сәтті ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары шекаралық өткізу пункттері арқылы сәтті өткізіліп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді, сол жерден олар Отанға оралды.

Аталған операция Иордания билігімен тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесінде мүмкін болды және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғау ҚР СІМ қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын айқын көрсетеді.

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Амман және Тель-Авив қалаларындағы елшіліктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылауда ұстап, Газа секторы мен жалпы Палестина аумағында жүрген Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста.

Министрлік Қазақстан азаматтарының қауіпсіз шығуына жедел көмек көрсеткені және тиімді ынтымақтастығы үшін Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетіне шынайы алғысын білдіреді.

Бұған дейін Дональд Трамп ХАМАС-ты келісімге шақырғаны хабарланған.

Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті