Ақтөбе – Маңғыстау пойызында баланың үстіне сөре құлап кетті

Сурет: rail-news.kz
№110 Ақтөбе – Маңғыстау пойызының жолаушылары төтенше оқиға туралы хабарлады: қозғалыс кезінде №16 вагонда жоғарғы сөре өздігінен құлап, балаға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, сөре баланың дәл үстіне құлаған.

"Құдайға шүкір, үстінде ешкім жатқан жоқ, әйтпесе салдары ауыр болуы мүмкін еді. Әрең үлгеріп сөрені қағып алдым, әйтпесе не боларын білмеймін. Жол бойы екінші сөре де құлап кетеді деп қорқып отырдық", - деді әйел.

Оның айтуынша, компания басшылығына жасаған шағымына жауап болмаған.

Аталған вагон жекеменшік тасымалдаушы Otpan Logistic ЖШС-не тиесілі және ҚР Көлік министрлігінің кураторлығымен жұмыс істейді.

Компания бұл оқиғаға қатысты Lada.kz тілшісіне түсінік берді. Компанияның мәлімеьінше, бір жақтағы шынжыр үзіліп кеткендіктен, сөре ішінара ажыраған.

"Ешкімнің үстіне құлаған жоқ, жағдай орнында шешілді, кейін жаңа сөре орнатылды", - деп хабарлады Otpan Logistic ЖШС өкілдері.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео