Елордада 5 мыңға жуық оқушы бір сәтте Абай әнін орындады

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Ұлы ақын Абайдың 180 жылдығына орай Астана қаласындағы №101 орта мектепте елорданың 5000-ға жуық оқушысы "Желсіз түнде жарық ай" әнін бірге орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рухани іс-шараның мақсаты – қазақстандықтарды Абай Құнанбайұлының мерейтойымен құттықтап, ұлы ақынның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.

Бұл іс-шараға елордадағы №17, 45, 59, 71, 78, 79, 87, 89, 90, 97, 99, 100, 101, 111 мектептерінің оқушылары, сондай-ақ №1 балалар музыка мектебі, Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі, Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебі, Тәттімбет атындағы №1 балалар өнер мектебі, №2 балалар өнер мектебі және Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының тәрбиеленушілері қатысып, ақынның танымал әнін асқақтата шырқады.

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Бес мыңға жуық оқушының бәрі "Абай-180 жыл" деген жазуы бар футболка киіп, әнді орындап біткен кезде қолдарына ұстаған көк қағаздарды жоғары көтеру арқылы, жоғарыдан қарағанда көрінетіндей етіп, "Абай" деген жазуды шығарды.

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Еске сала кетейік, 10 тамыз – ұлы қазақ ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының туған күні. Астанада ұлы ойшылдың 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар жыл басынан бері өткізіліп келедi. Білім, мәдениет, спорт және басқа да салаларда 140-тан астам түрлі шара ұйымдастырылды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға өз құттықтауын жолдағаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда криптовалютаны сатып алу және сату ережелері қашан реттеледі

Еститін мемлекет: министрлердің халықпен кездесуі қалай өтеді

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан тарихында бірінші рет қайғылы оқиғаға түрткі тайғақ жол үшін құзырлы мекеме басшысы жазаланды

"Күн 41 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды