Қытайда өткен халықаралық робототехника чемпионатында мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды

Сурет: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандағы "Келешек мектептері" мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары 2025 жылғы 7–10 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті.

Бұл чемпионат робототехника, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар саласындағы Азиядағы ең ірі алаңға айналды. Әлемнің 30-дан астам елінен келген 500-ден астам команда мен 12 мыңнан астам қатысушы жиналды. Биылғы жарыстың тақырыбы "Су асты әлемін зерттеу".

Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креативтілік және командалық жұмыс бойынша жоғары деңгей көрсетіп, еліміздің намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады:

2 қола медаль – Champions Award және чемпионаттың басты марапаты: Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас) және Орал қаласының Оқушылар сарайының "Subsquad" командасы (Challenge санаты, 10–16 жас).

6 арнайы төрешілер жүлдесі:

Біздің оқушыларымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Анықтама:

FIRST LEGO League — мектеп оқушыларының инженерлік және зерттеу дағдыларын LEGO Education платформасы арқылы жобалық қызмет пен робототехника саласында дамытуға бағытталған жетекші халықаралық бағдарлама. Еске сала кетейік, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде бұл бағдарламаның операторы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты