Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

Фото: unsplash
Қазақстанға солтүстік-батыс циклон жаңбыр мен найзағай алып келеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 12, 13 және 14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсына отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады.

Жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы және дауыл болуы мүмкін.

"Тек республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, республика бойынша желдің күшеюі, ал түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыста тұман түсуі күтіледі.

Айта кетейік, еліміздің басым бөлігінде температураның аздап төмендеуі күтілуде:

"Басқа аймақтарда температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін белгілі болғандай, Павлодар, Алматы, Атырау және Астана қалаларында бүгін, 11 тамызда күндіз және түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМУ) күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды