Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттерді сатқан күдіктілер ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы ПД-ның киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы, Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, өткен жексенбіде өткен Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сату дерегі бойынша күдікті ер адамды ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке екі жалған билет сатқандығы белгілі болды.

""Заң мен тәртіп" қағидаты бізден мұндай деректерге жедел әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз", – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды