Түркістан облысында 100-ден астам шетелдік дәрілік шөпті заңсыз жинаған

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полиция заңсыз "кеурек" өндірген шетелдіктерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері Арыс, Отырар және Сарыағаш аудандарында дәрілік қасиеті бар "кеурек" (ферула) шөптерін заңсыз жинаумен айналысқан 116 шетелдік азаматты анықтап, оларға қатысты тиісті шаралар қабылдады.


"Құқық бұзушылардың басым бөлігі елден шығарылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған бес қазақстандық азамат жауапқа тартылды", - деп хабарлады полиция.

Мәселен, Арыс ауданында жыл басынан бері Қожатоғай және Монтайтас ауылдық округтерінде "кеурек" қазумен айналысқан 68 шетелдік ұсталды. Сот шешімімен олардың 54-і елден шығарылса, 14-іне айыппұл салынды.

Тамыз айында жүргізілген кезекті рейд барысында Арыс ауданында "кеуректі" заңсыз жинап жүрген тағы 14 шетелдік азамат ұсталды. Жиналған материалдар аудандық сотқа жолданып, олар да заң алдында жауап берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі