32 жастағы Асылбек Ахметжанов ҚР Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Жаңа оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды. Белгілі болғандай, жаңа қызметке 32 жастағы Асылбек Ахметжанов келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Асылбек Ахметжанов 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ технология және бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылғы қаңтарда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру басқармасы сарапшысының міндетін атқарушысы ретінде бастады. 2016 жылдан 2025 жылға дейін ҚР ЦДИАӨМ, ЭГРМ және өзге де министрлікте түрлі лауазымдар атқарған.

2025 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

Бұған дейін Қазақстанда оқу жылы мен оқушылардың демалыс мерзімдері бекітілгендігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі