16 тамызда қай өңірлерде нөсер жауады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды.

"Найзағаймен бірге жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер күтіледі, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, ал солтүстікте түнде және таңертең тұман болады", - делінген хабарламада.

Алматы облысында, Жетісу облысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі және шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы және шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында төтенше өрт қаупі бар.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы күндерге алдын ала ауа райы болжамын ұсынған еді. "Қазгидромет" мәліметінше, келесі аптада оңтүстік астанада жаңбыр жауады, бірақ қалада аптап ыстық сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты