Қиын өмірлік жағдайға тап болған қазақстандықтар мемлекеттен қандай көмек ала алады

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылғы 21 тамызда, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) деген не және оған кімдердің үміткер бола алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 48,3 мың отбасындағы 259,7 мың адамға 18,6 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған.

АӘК мыналарды көздейді:

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Бұған дейін Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері қандай екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді