Мемлекет басшысы Рустами Эмомалиді қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді. Сондай-ақ Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екеніне тоқталды.

Тәжікстан Парламенті жоғары палатасының спикері қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізді.

Сурет: akorda.kz

Рустами Эмомали Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, халықтарымыздың игілігі үшін екі елдің парламенттері арасында конструктивті және іскерлік байланыстар жолға қойылғанына назар аударды.

Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқаны айтылды.

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ, мемлекет басшысы екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Қазақстан
Тәжікстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды