Қызылорда облысының әкімі Шиелідегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев және жауапты сала басшыларымен бірге Шиелідегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шиелі теміржол вокзалы да – 1904 жылы салынған тарихи нысан, күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы жасалған. Бүгінде 13 жұп пойызына, тәулігіне 163 жолаушыға қызмет көрсетеді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өткен жылы Шиелі ауданы әкімдігі жолаушылар платформасының кіреберісіне қақпа салып, бұрынғы су мұнарасын жөндеді, 8 жарықшам, 10 орындық, 10 қоқыс жәшігі қойылды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мердігер мекеме "Дәнекер" ЖШС ғимараттың ішкі және қасбетін қаптау жұмыстарын қолға алған.

Қазақстан
Қызылорда
Нәлібаев Нұрлыбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда