Бұл туралы Ішкі істер министрлігі 2025 жылғы 28 тамыздамәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінге, енді істі сот қарайды.
Бұған дейін полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, қамауға алған еді.
"Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді". Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Аталған қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында болды.
Айта кетейік, аталған оқиға желіде жарияланған видеодан кейін қоғамда резонанс туды. Видеода үсті-басынан сау-тамтығы жоқ жасөспірім бала сөйлейді. Ол өзінің өгей әкесімен тұрып жатқанына бес жыл болғанын, содан бері көрген қорлығы осы екенін, мал бағатынын, үнемі соққыға жығылатынын, туған әкесіне барғысы келетінін, ал шешесі өздерін қорғай алмайтынын айтады. Сөз соңында өздеріне сырттан көмек болмаса, бірі өліп тынуы мүмкін екенін де жеткізіп, көптен көмек сұрайды. Видеода бала бұрынғы соққыларынан қалған денесіндегі жараларды көрсетеді.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, қазіргі уақытта ағайынды балалар дағдарыс орталығына уақытша орналастырылып, сараптамалар тағайындалған.
6 тамызда полицияға олардың жоғалып кеткені туралы хабарланып, ал 7 тамызда жасөспірімдер Алматыдағы туыстарынан табылды.