Талдықорғанда екі тұрғын суицид жасамақ болған бойжеткенді құтқарып қалды

Сурет: polisia.kz
Талдықорған қаласында екі жергілікті тұрғын қайғылы жағдайдың алдын алып, суицид жасамақ болған бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, олар ғимараттың шатырында тұрған, өмірімен қош айтыспақ болған бойжеткенді байқап қалған.

"Жедел қызметтердің жетуін күтудің уақыты жоқ екенін түсінген азаматтардың бірі дереу шатырға көтеріліп, қызбен сөйлесіп, оны райынан қайтаруға көндірген. Кейін олар бірлесіп бойжеткенді қауіпсіз жерге түсіріп, бірінші қабатқа жеткізді", - деп хабарлады полиция.

Осы сәтте оқиға орнына полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлері келді.

Көрсеткен ерлігі мен жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін Асланбек Байбатчанов  мен Қуаныш Рахымбекұлы Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының атынан алғыс грамоталарымен марапатталды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда 16 жастағы жасөспірім биіктен секіріп көз жұмғанын хабарлаған едік.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі