Қазақстан мен Сингапур қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге қол қояды

Сурет: pixabay
Президент 2025 жылғы 25 тамызда "Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге қол қою туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтінінде:

"Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы қоса беріліп отырған Келісім жобасы мақұлдансын", – делінген.

Келісімде көрсетілгендей, көмек келесі әрекеттерді қамтиды:

Сонымен қатар, көмек мынадай әрекеттерді қамтымайды:

Сондай-ақ, барлық сұраулар жазбаша түрде жасалуы тиіс екені көрсетілген, ал түпнұсқасы Сұратылатын Тарапқа жіберілуі қажет. Көмек көрсету туралы сұраудың цифрлық көшірмесі бір мезгілде электрондық байланыс арналары арқылы жіберілуі мүмкін.

Көмек көрсету туралы сұрау мыналарды қамтуы тиіс:

Құжатта көрсетілгендей, көмек туралы сұраулар Сұратылатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес орындалады.

Қазақстан Республикасы атынан Келісімге қол қоюға Бас Прокурор Берік Асылов уәкілетті.

Жарлық 2025 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды