Мемлекет басшысы: "Әділетті Қазақстанды" құру процесін енді ешкім тоқтата алмайды

Сурет: akorda.kz
Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда Қазақстанда 2019 жылдан бері біз кезең-кезеңімен бірнеше саяси реформа жүргізіліп, саяси жүйені дәйекті түрде жаңғырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент конференцияда отырған азаматтардың көбі сол үлкен өзгерістердің бел ортасында жүргенін баса айтты.

"Ашығын айтқанда, біз біршама кедергіге тап болдық. Саяси ортаның белгілі бір бөлігі қоғамды жаңғыртуды көздейтін бастамаларымызға күмәнмен қарады, тіпті қабылдай алмады",- деді ол.

Оның айтуынша:

"Бүгінде біз таңдаған стратегиялық бағыттың дұрыс екеніне көзіміз жетті. Бұл елімізді өркениетті қоғам құру жолына бастайды".

Бұдан бөлек, 2022 жылы өткен референдум ұлтымызды бұрын-соңды болмаған деңгейде ұйыстырып, мемлекет алдындағы стратегиялық міндеттердің төңірегіне топтастарды.

"Азаматтарымыздың жаңа саяси бағдарды бірауыздан қолдауы алға ілгерілеуден басқа жол жоқ екенін айқын көрсетті. Тарихи өлшем тұрғысынан өте қысқа уақыт ішінде қоғам саяси кемелдік пен азаматтық жауапкершілікті күшейтетін іргелі өзгерістерді бастан өткерді". Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, ол Әділетті Қазақстанды құру процесін енді ешкім тоқтата алмайтындығын нық айтты.

"Өткенге оралуға, ең алдымен, еліміздің жастары жол бермейді. Білімді жас ұрпақ келешекке көз тігеді. Олар Қазақстанды жаңа заманның талабына сай келетін өркениетті мемлекет ретінде көргісі келеді".Тоқаев

"Әділ Қазақстан" идеясы мемлекеттік тұжырымдама ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйекте халқына жасаған Жолдауында ұсынылды, ал кейінірек 2022 жылғы конституциялық реформада дамытылып, бекітілді.

Бұған дейін Тоқаев биліктегі отбасылыққа тосқауыл өте қажетті қадам болғанын айтқан болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды