Дүкендерде "ескі" 5000 теңгелік банкноттарды қабылдамауы мүмкін бе

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 29 тамызда өткен брифингте Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды ескі үлгідегі 5000 теңгелік купюралардың айналымнан шығуына қатысты алаңдатқан сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық банк басшысы параллельді айналымның стандартты мерзімі 1 немесе 2 жылды құрайтынын еске салды.

"Мұнда алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл купюралар айналымнан бірден алынып тасталмайды, олар біртіндеп, жоспар бойынша айналымнан шығады. Яғни, банктер жеке және заңды тұлғалардан бұл банкноттарды қабылдап, Ұлттық банктің сақтау қоймасына өткізеді. Тіпті бір жылдан, екі жылдан немесе үш жылдан кейін де, кімде ескі 5000 теңге қалса, олар Ұлттық банктің облыстық филиалына келіп, банкнотты сол номиналмен айырбастай алады. Біз ескі ақшаны алып, орнына жаңасын береміз. Бұл жерде ешқандай қиындық жоқ", – деді Тимур Сүлейменов.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 11 қарашада Ұлттық банк 2011 жылғы үлгідегі (ескі үлгі) және 2023 жылғы өзгертілген дизайндағы (жаңа үлгі) 5000 теңгелік банкноттардың параллельді айналымы 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылғанын мәлімдеген болатын.

Қазақстан
Сүлейменов Тимур
ҚР Ұлттық Банкі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты