Тексеру барысында азаматтан бекіре тұқымдас 12 балық (бастары бар, ішкі мүшелерінсіз, жалпы салмағы 41 келі 30 г) тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігімен (1Жойылып кету қаупi төнген, сирек кездесетiн, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсiмдiктер немесе жануарлар түрлерiмен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
"Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, қажетті тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін Ақтау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.