Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі қызметінде қалды

Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі қызметінде қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 12:54 Сурет: Telegram/ortcom_kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Мырзабосыновты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті Жарлықты Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 3 қыркүйекте жариялады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ербол Мырзабосынов 1984 жылғы 30 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін және Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасында ассистент, жаттықтырушы-оқытушы болып бастады.

2007-2008 жылдары қосымша ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарды.

2009-2013 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің Дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы болды.

2009-2018 жылдары Шығыс Қазақстан жоғары спорт шеберлігі мектебінде қосымша жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді.

2013-2017 жылдары Семей мемлекеттік медицина университетінің Дене тәрбиесі кафедрасын басқарды.

2018-2020 жылдары "Қызылжар арландары" спорт клубының директоры қызметін атқарды.

2020-2021 жылдары Qazaq Kuresi қауымдастығының басқарушы директоры болды.

2021-2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры қызметін атқарды.

2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болды.

2024 жылғы 2 қыркүйектден бастап Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметін атқарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: